×

Түркістан облысында шенеуніктерге қатысты тергеу басталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 01.12.2023 | 09:46
Фото: gov.kz

Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды адамдарына тергеп-тексеру басталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, шенеуніктер ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген.

Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастары бөлімінің басшысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңге болатын 200 гектардан астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдегені бойынша күдікке ілінді, – делінген хабарламада.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының ықпалымен күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір аталған қылмысқа басқа да адамдардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама