Halyq Uni логотип
×

ҰҚК бір айда есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді

Есірткі қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілінген топтардың 27 мүшесі ұсталды.

 Динара Амантай 30.11.2023 | 16:33
ҰҚК бір айда есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Биыл қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы 18 операция жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Олардың қорытындысы бойынша есірткі қылмыстарына қатысы бар деген күдікке ілінген топтардың 27 мүшесі ұсталды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 келі мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды.

Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды. Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында «дизайнерлік» деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Жалпы заңсыз айналымнан 150 келіден астам есірткі және «синтетика» өндіруге арналған 150 келі химиялық прекурсорлар тәркіленді.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама