Заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды
Мәжілістің жалпы отырысында «Масс-медиа» туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева заң жобасын таныстырды.
Мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасын Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы оң бағалады. Заң жобасына «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқығы туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі, - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, заң жобасы бойынша төмендегі нормалар ұсынылады:
Заңды талқылау барысында Мәжілістегі AMANAT фракциясының депутаттары баспасөз картасын енгізуге қарсы екенін айтты.
Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Жалпы отырыстан соң Мәдениет және ақпарат министрі заңды талқылау кезінде айтылған түйткілдер екінші оқылымға дейін пысықталытын атап өтті.
Екінші оқылымға дейін заңды депутаттармен талқылаймыз. Сондықтан заңда ұсынылып отырған баспасөз картасы туралы талап алынып тасталуы мүмкін, - деді Аида Балаева.