×

«Ұлы дала ағартушылары» электрондық ктапханасы құрылды

Қазір оны пайдаланушылардың саны 12 мыңға жуықтады

 Динара Амантай 30.11.2023 | 16:14
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова, т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Электронды кітапханадан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1 мыңнан астам еңбек ұсынылған. Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

Қазір электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.

Электронды кітапхананы https://rnpb.kz/ сайтынан көре аласыздар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама