×

Генри Киссинджер жүзге келіп, дүниеден озды

Ол «дипломатияның гроссмейстері», «бүкіл әлемнің кеңесшісі», «сыртқы саясаттың гуруы» деп аталып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 30.11.2023 | 12:04
Фото: kommersant.ru

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер 100 жасқа келіп, дүниеден озды. Оның қайтыс болғаны туралы Kissinger Associates Inc халықаралық консалтинг фирмасы хабарлады.

Генри Киссинджердің шын аты-жөні – Хайнц Альфред Киссингер. Ол 1923 жылы қазіргі Германияның аумағында болған Веймар Республикасында туған.

1969-1975 жылдары АҚШ президенттері Ричард Никсон мен Джеральд Фордтың кеңесшісі, 1973-1977 жылдары мемлекеттік хатшы болған.

Киссинджер АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы кезінде КСРО-мен және Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға тырысқан. Сол үшін ол Нобель сыйлығын алған.

1973 жылы Киссинджер Израиль мен Араб әлемі арасындағы қарым-қатынастың реттелуіне араласып, мықты дипломат екенін дәлелдеген. Сол кезден бері ол «дипломатияның гроссмейстері», «бүкіл әлемнің кеңесшісі», «сыртқы саясаттың гуруы» деп аталып кеткен.

Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметінен кеткеннен кейін Kissinger Associates Inc деген халықаралық консалтинг фирмасын ашқан. Содан көз жұмғанша осы компанияны басқарып келді.

Foreign Policy журналының сауалнамасына қарағанда, ол АҚШ-тың соңғы 50 жылдағы ең мықты мемлекеттік хатшысы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама