Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Динара Амантай

Зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетіледі

Фото: t.me/KZgovernment

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы – Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.

Үкіметтік комиссия өрт салдарынан болған қайғылы жағдайдың себептерін жан-жақты тексеру жұмыстарына дереу кірісіп, зардап шеккендерге бірінші кезектегі көмек көрсетеді.