Halyq Uni логотип
×

Елордада «Ақ боз үй» көркемфильмінің алғашқы көрсетілімі өтті

Жалпы романды фильмге аударуға бірінші рет 1991 жылы талпыныс болған

 Ербол Тұрымбет 20.05.2022 | 21:35
Елордада «Ақ боз үй» көркемфильмінің алғашқы көрсетілімі өтті
фото: Halyq Uni

Кинокартина белгілі жазушы Смағұл Елубайдың романы негізінде түсірілген. Фильмде негізгі кейіпкер бай әрі би Пахраддиннің отбасы мен аулының қудалауға түсіп, ашаршылыққа ұшыраған қиын жағдайы баяндалады. 

Жалпы, фильм түсіру идеясы 2019 жылы пайда болған. Сол жылы идеяны президент қолдап, Мәдениет министрлігінің қарамағындағы Ұлттық киноны қолдау қоры қаржыландырып, былтыр Маңғыстауда түсірілген. 

Фильм режиссеры Бегарыс Елубайдың айтуынша, картинада бір отбасы мен ауылдың тағдыры арқылы бүкіл қазақтың басына түскен зұлмат зардабын көрсетуге тырысқан. 

Фильмді түсіруге бір жарым ай кетті. Әуелде Өзбекстанда түсіргіміз келген. Бірақ пандемия кедергісіне тап болып, басқа жерді іздеуге тура келді. Алматы, Қызылорда облыстарын араладық. Ақыры ыңғайлы жерді Маңғыстаудан таптық. Ал декорациялар Алматы облысында жасалды, дейді ол.

Жалпы романды фильмге аударуға бірінші рет 1991 жылы талпыныс болған.

Сұржекей – ангел смерти» дейтін фильм Кеңес Одағының ең соңғы кинофестивалінде бірінші орын – гран при алады. Бірақ ақшасы бітіп қалып, ашаршылық кезеңі ақыры түсірілмей қалады. Яғни, фильмде конфескация бар, ашаршылық жоқ. 
Содан кейін біз енді бұны қалай жасаймыз деп 30 жыл ойландық. Роман түгел бір фильмге сыймайды. Не істейміз деп жүргенде осыдан 3 жыл бұрын соның кілтін таптым. Ең соңғы «Парасат майданы» деген тарауын ғана алу керек екен. Адамдар ашаршылыққа ұрынып, шұбырады. Содан басталады. Сол жерді алдық. Содан кейін сценарий жаздық та президенттің алдына қойдық. Президент кітапты оқыған екен, «это выдающее произведение» деп мақтап жіберді, дейді автор. 

Altyn Qyran Foundation қолдауымен өткен жабық көрсетілімге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, «АQ Group» компаниялар тобы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов және басқа да ресми тұлғалар мен мәдениет қайраткерлері қатысты. 

«2019 жылы жазда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қабылдады. Сонда Смағұл ағамыз осындай бір фильм түсірсем бе деген идея айтқан болатын. Соны президентіміз бірден қолдады. Мәдениет министрлігіне тиісті тапсырма берді. Смағұл ағамыздың тастап кеткен хатын өзім бақылауда ұстап, министрлікпен жұмыс істеп, енді көп шараларды жүзеге асырған кезде әр түрлі бюрократиялар туатынын білесіздер, соның бәрін жеңіп, мемлекеттік қаржыландыруға қол жеткіздік. Мінекей, 3 жылдан кейін фильм шығып жатыр», - дейді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. 

Айта кетейік, тарихи дереккөздерге қарағанда 1921-23 жылдардағы ашаршылықта шамамен 1,7 млн адам аштықтан өлген. Ал 1931-32 жылдары 2,3 млн қазақ аштан қырылған. Фильм авторларының сөзінше, прокатка күзде шығуы мүмкін, оған дейін бірнеше фестивальға қатыспақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама