Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 10 млн теңгеге жуық шығын келтірген есепшіге қатысты үкім шықты

Мемлекетке келтірілген залал тергеу барысында өтелді

 Динара Амантай 30.11.2023 | 09:45
Жамбыл облысында 10 млн теңгеге жуық шығын келтірген есепшіге қатысты үкім шықты
Фото: Halyq Uni

Шу ауданында есепші Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен («Ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты. Ол тергеу барысында өтелді.

2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың есепшісі 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан (шартты түрде) айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама