×

Қаңтарда Қазақстанда Халифат құрмақ болды – Смағұл Елубай

Төле би тіріліп келсе де тыңдамас еді дейді жазушы 

 

Бұл жайында белгілі жазушы «Сұрауы бар» Youtube арнасында журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында айтты.  

Жазушының айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде қарапайым қазақ жастары әрбір қалада негізгі қозғаушы күш болды.

«Бірақ бұлар бастағаннан кейін табан астында шетелдік диструктивті күштер іліп әкетті, пайдаланып кетті. Мемлекеттік төңкеріс жасағысы келетіндердің қолшоқпарына айналды. Енді осы кезде Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің өзі шықса да, «әй шалдар, тайып тұрыңдар, сіздердің ақылдарыңызды естіп тойғанбыз» деп тыңдамаған болар еді. Ешкімнің ақылын тыңдамайды. Неге? Себебі олар үйсіз, күйсіз, жұмыссыз. Тапқаны жетпей жүрген жастар. Ашынған. Соны сырттағы мен іштегі күштер пайдаланып, Қазақстанда Халифат орнатқысы келді. Сондықтан біздің сөзіміз өтпейтіні анық еді. Біз барсақ бәріміз таяқ жеп қайтан болар едік. Тыңдамайды. Қолдарында қару болды», - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама