Мегаполисте жаңа велосипед жолағы пайда болды
Жылдың соңына дейін қосымша жол белгілері орнатылады
Алматыда жаңа велосипед жолағы пайда болды, деп хабарлады Halyq Uni.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлметінше, жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған. Сондай-ақ, Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды.
Осылайша, Шевченко мен Сәтбаев көшелерінде орналасқан велосипед жолақтары өзара байланысты.
Жаңа велосипед жолақтарын жайластыру велосипедшілердің оқшауланған велосипед жолақтарымен қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге және жол қозғалысында келеңсіз жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін аталған жол учаскесінде қосымша жол белгілері орнатылады.
Жалпы, биыл қала бойынша 3 шақырым вело инфрақұрылым жабдықталған. Бұл бағыттағы жұмыстар Алматының даму жоспары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша жалғасатын болады.