Halyq Uni логотип
×

Алматыда жыл соңына дейін 8 млрд теңгенің жобалары іске асырылады

Бүгінде 29 инвестициялық жоба бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр

 Халық үні 29.11.2023 | 18:37
Алматыда жыл соңына дейін 8 млрд теңгенің жобалары іске асырылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Осы жылдың соңына дейін Алматының Индустриялық аймағында жалпы көлемі 8 млрд теңгеге 6 жобаны іске асырып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады Halyq Uni.

Алматының индустриялық аймағы – ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес жобаларға арналған аумақ. Мұнда 88 компания орналасқан, 11 мың жұмыс орны ашылған.

Айта кетсек, «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС қатысушыларына бизнесті мемлекеттік қолдау аясында мынадай мүмкіндіктерді ұсынады:

  1. Инвестициялық жобаны сатып алу және аукционнан өту қажеттілігінсіз оны іске асыруға жер учаскесін алу.
  2. 2068 жылға дейін жер учаскесінің ұзақ мерзімді қосалқы жалдауын немесе оны кадастрлық құны бойынша сатып алуды рәсімдеу (1 гектар үшін 42 млн теңге).

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, бүгінде 29 инвестициялық жоба бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр.

Бұл ретте, инвестор мынадай артықшылықтарды пайдаланады:

  •  Инфрақұрылымды салу шығындарын азайту;
  • Қатаң салалық байланыстың болмауы;
  • Алматы индустриялық аймағының жұмыс істеу мерзіміне байланысты жер учаскесін жалға алу мүмкіндігі (2068 жылға дейін);
  • Рұқсат құжаттамасын алуға қолдау көрсету және көмек көрсету;
  • Индустриялық аймақ аумағында дайын инфрақұрылымның болуы (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және сумен қамту, электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі, ТЖ станциясы және ТЖ жүріс жолдары, талшықты-оптикалық байланыс желілері);
  • 2 миллион халқы бар қала аумағындағы ең ірі өнімді өткізу нарығы.

Сонымен қатар, «Almaty Business 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы аясында Алматы индустриялық аймағының инвесторы инвестициялық жобаларды іске асыруға дейін сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алу және банктерде қарыздар бойынша кеңес алу түріндегі мемлекеттік жәрдем алады.

Биыл қазанда Алматы индустриялық аймағының өндірістік кешендері үшін мамандар даярлайтын инновациялық техникалық колледждің құрылысына бөлінген аумақта жұмыстар басталды.

Бұл – Алматы индустриялық аймағындағы жалпы құны 9 млрд теңге болатын басым жобалардың бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама