×

Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болды

AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ұжымға жаңа басшыны таныстырды

 Дастан Жұмабекұлы 29.11.2023 | 17:10
Фото: qalamger.kz

Талғат Ешенұлы «Айқын-Литер» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Талғат Ешенұлы 1996-1997 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде, 1997-1998 жылдары «Жас Алаш» республикалық газетінде тілші, қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1998-2004 жылдар аралығында Ақпарат министрлігінде, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде түрлі жауапты қызметтер атқарды.

2004-2005 жылдары «Жас Алаш» газеті Астанадағы тілшілер қосынының жетекшісі болып қызмет етті.

2005-2008 жылдары «Жас қазақ» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, 2008-2009 жылдары Қазақтан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, 2009-2010 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болды, – делінген хабарламада.

Талғат Ешенұлы – «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің «әдебиет», «журналистика» номинациялары бойынша (1999 жыл, 2000 жыл) жеңімпазы. Ж. Нәжімеденов, Т. Айбергенов атындағы сыйлықтардың лауреаты. Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының (1999 жыл), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2006 жыл). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» медалімен, «Абай» халықаралық медалімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама