Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды
Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан 7 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы 2 жолаушыға көмек қажет емес, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.