Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді

Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі

 Динара Амантай 29.11.2023 | 14:42
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді
Фото: t.me/KZgovernment

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. Қазақстанның қолдауы Газа секторында болған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған, – делінген Үкімет хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама