Сондай-ақ мобилділік басқармасына көшелерді орташа жөндеуге өтінім жолданды
Алматының Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында жалпы ұзындығы 45,3 шақырым болатын 89 көшеде жол салу жоспарланған, деп хабарлады Halyq Uni.
Аудан әкім Назира Тоғызбаеваның айтуынша, бүгінде 15 шақырым жол салынған. Қалған 30 шақырым көше инженерлік желілер құрылысы аяқталғаннан кейін асфальтталады. Оның мәліметінше, Наурызбай ауданында жалпы ұзындығы 298 шақырым болатын 348 көше бар.
Сонымен қатар, Шұғыла шағын ауданы бойынша ұзындығы 6,8 шақырым 13 көшеде жол салу жоспарланған. Биыл ұзындығы 5 шақырым 9 көше жасалды. Қалған 4 көше 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, Шұғыла, Рахат, Таусамалы, Қалқаман шағын аудандарында, жалпы ұзындығы 15 шақырым 16 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізілді. Осыған ұқсас жұмыстарды жүргізу үшін 2024 жылы қалалық мобилділік басқармасына ұзындығы 40 шақырым 38 көшені орташа жөндеуге өтінім жолданды, – деп атап өтті аудан әкімі.
Оның деректері бойынша, 2023 жылдың басынан бері шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 170 көшеде 45 мың шаршы метр жол жөнделді. Техникалық тротуармен көлемі 8 мың шаршы метрден асатын 11 көше қамтамасыз етілген.