Ал Илон Маск ХАМАС-ты жоюды қолдады
«Үлкен жетілік» елдерінің Сыртқы істер министрлері Израиль мен Палестинаға, соның ішінде Газа секторындағы жағдайға қатысты ортақ мәлімдеме жасады.
G7 елдерінің қатарына кіретін Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі мен Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер ведомстволарының басшылары тұтқындарды босатып, Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізу үшін соғысқа үзіліс жасау керектігін мәлімдеді.
Сонымен бірге G7 барлық тұтқынды ешқандай келісімсіз босатуды, соғыс болып жатқан жерден шет ел азаматтарын шығаруды ескертті. Одан басқа, «Үлкен жетілік» елдері Бірікккен Ұлттар Ұйымының шешіміне сәйкес, Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауды ұсынды.
G7 елдерінің Сыртқы істер министрлері Израиль мен Палестинаға қатысты мәлімдеме жасағанда, америкалық бизнесмен Илон Маск Тель-Авивке барып, Израиль үкіметінің басшысы Беньямин Нетаньяхумен кездесті. Кездесуде кәсіпкер ХАМАС ұйымын жоюды қолдайтынын айтты. Ол ХАМАС тобының Газа секторындағы жағдайды өз көзімен көру туралы ұсынысынан үзілді-кесілді бас тартты. Оның айтуынша, Газада жүріп-тұру қауіпті.