Halyq Uni логотип
×

Ауруханадағы Мұхамедиұлының қазіргі жағдайы белгілі болды

Ол Мұхамедиұлы моральдық қысым көрді дейді 

Ауруханадағы Мұхамедиұлының қазіргі жағдайы белгілі болды
фото: stan.kz

Ауруханаға түскен бұрынғы мәдениет министрі, қазіргі Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Ұлттық музейдің ресми өкілі Айдар Қырықбай мәлімдеді. 

«Операция жақсы өтті. Ол бір жарым күн жансақтау бөлімінде болды. Қазір палатаға ауысты. Бірақ жағдайы орташа ауыр. Өйткені моральдық қысым болды. Ол ақырындап есін жиды. Тек туыстарының ғана көруіне рұқсат етілген», – деді Айдар Қырықбай.

Сондай-ақ ол есеп комитеті, қаржылық аудит органдары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет музейдегі заң бұзушылықтарды анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын растады.

«Біз мұнымен келіспейміз, мұражай әкімшілігі олардың талаптарын апелляцияға береді. Біздің 100 адамнан тұратын топ қол қойып, президент аппаратына «Антикор» тарапынан заңсыздық орын алып жатқаны туралы хат жолдаған. Олар барлық құжаттарға мән бермейді. «Антикор» өкілдері витриналар, ауа тазартқыштар, бәрі бар ма деген сұрақ қояды. Біз қазақстандық және халықаралық сарапшыларға жүгіндік. Антикордың шешіміне шағымданамыз», – деді музейдің ресми өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Ұлттық музей басшылығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ 16 мамырда музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханада жатқаны белгілі болды. Сол арада Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болды деген ақпарат та тарады. 

Алайда Ұлттық музейдің баспасөз қызметі бұл хабарды жоққа шығарып, ол аяғын емдету үшін ауруханаға жатқанын алға тартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама