Halyq Uni логотип
×

29 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. 

 Халық үні 29.11.2023 | 06:30
29 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 29 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады, еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама