БҚО-да студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Халық үні

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлады polisia.kz.

Оқу орындарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласының барлық оқу орындарында Komek Stop Bulling ZKO қосымшасы орнатылып, қорқыту мен бопсалау фактілері анықталуда, ол арқылы студенттер көмек сұрай алады.

«Бөрлі ауданында 23 қарашада кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылы туған екі колледж студенті ұсталды.Олар УҰИ-ға қамалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Орал қаласындағы колледждердің бірінің студенттері де 500 000 теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды.

ҚР ҚК 194-бабына сәйкес 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және бір топ тұлғаларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін санкциялар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.