×

Шымкентте жас жігіт көшеде марихуана ұстап жүрген (ВИДЕО)

Оның жартысын өзі шегіп тұрған жерінде ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 28.11.2023 | 18:00
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Шымкентте жас жігіт марихуана шегіп тұрған жерінен ұсталған.

Түнгі кезекшілікке түскен ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары қала көшелерінің бірінде достарының ортасынан қолына түтік ұстаған жігітті байқаған.

Патрульдік полицейлер мен учаскелік полиция қызметкерлері түтік ұстап тұрған адамның аты-жөнін, тұрғылықты жерін анықтау үшін барғанда, жігіт тәртіп сақшыларының көзінше марихуананы лақтырып жіберген. Ол әрекеті де көше бейнекамерасына түсіп қалған.

Сонымен қатар ұсталған адамның шұлығына марихуананың пакетке салынған бір реттік дозасын жасырғаны анықталды. Полиция қызметкерлері есірткі затын тәркіледі.

Қазір тәртіп сақшылары марихуана тартқан адамды Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама