Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолына 4 «Сергек» камерасы орнатылды
Жол қозғалысы ережелерін тіркеу биыл 1 желтоқсанда басталады
Алматыда Медеу-Шымбұлақ автожолына жылдамдығы 40 шақырым/сағатқа шектелген «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Олар «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 шақырым учаскеде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жол қозғалысы ережелерін тіркеу биыл 1 желтоқсанда басталады.