2024 жылы құрылысқа 46 млрд теңге қарастырылған
Бүгінде Астанадағы LRT құрылысын аяқтауға тағы 150 млрд теңге сұрауды жоспарлап отырмыз. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, биыл LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген.
Жақында БАҚ-тан құрылысқа бұл ақшаны енді сұрап жатыр деген ақпаратты оқыдым. Жоқ, мәселе мұнда емес. Жыл басынан бері бұл қаражат (52 млрд теңге, – автор) бөлінген. Бүгінде іргетас қазығын қағу жұмысы 96%, ал негізгі тіректерді орнату жұмысы шамамен 76% аяқталды. Құрама конструкцияны бір-біріне қосу жұмысы 82% аяқталды. Бұл – биыл істелген жұмыс, - деді Марат Қарабаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
Министр LRT құрылысын аяқтау үшін тағы қомақты қаржы керектігін атап өтті.
2024 жылы LRT құрылысына (тағы) бюджеттен шамамен 45 млрд теңге бөлу мәселесін тақылап жатырмыз. Бұл қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін керек. Қазір құрылыста 1500 адам еңбек етіп жүр.
Егер жұмыс көлемі ұлғайса, құрылыс командасы жүктелген міндетті орындаса, құрылыс-монтаж жұмысының қарқынын үдете алсақ, онда тағы 150 млрд теңге сұраймыз. 2025 жылы нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.