×

Газа секторында келісім ұзартылды

ХАМАС тағы 11 адамды, Израиль 33 тұтқынды босатты

 Дастан Жұмабекұлы 28.11.2023 | 09:50
Фото: Ilia Yefimovich

Израиль мен ХАМАС ұйымы арасындағы келісім екі күнге ұзартылды. ХАМАС тағы 11 адамды тұтқыннан босатты, деп хабарлады Euronews.

Тұтқыннан босатылған адамдардың арасында Францияның 3, Германияның 2 және Аргентинаның 6 азаматы бар. Ал Израиль кәмелетке толмаған 30 бала мен 3 әйелді бостатты.

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім сейсенбіде аяқталды. Бірақ бітім тағы екі күнге, бейсенбі күнгі таңғы сағат 7:00-ге дейін ұзартылды.

Келісім бойынша жұмадан бастап ХАМАС күн сайын 13 израильдік кепілге алынған әйелдер мен балаларды, ал Израиль 39 палестиналық тұтқынды, оның ішінде әйелдер мен жасы 19-ға толмаған жастарды түрмеден босатады.

Қазір ХАМАС ұйымы қамауға алған 240-қа жуық тұтқынның 73-і босатылды.

Жексенбіде жүк көліктері алғаш рет Газа секторының солтүстігіне барды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама