Қытайлық инвестордың жұмысына кедергі келтірген лауазымды адамдар жауапқа тартылды

Динара Амантай

Ұлытау облысының прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

Фото: Halyq Uni

Ұлытау облысында прокуратура 75 млрд теңгеге жел станциясының құрылысын іске асыратын қытайлық инвестордың («Mezgilder Qushteri» ЖШС) құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Инвестор өз компаниясын Сәтбаев қаласында салық төлеуші ретінде тіркеген. Компанияның кеңсесі нақты тіркелген мекенжайда болғанына қарамастан, фискалдық орган оның банктік шоттары бойынша операцияларын негізсіз тоқтатып, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеудің күшін жою туралы сотқа талап арыз енгізген.

Салдарынан инвестордың қызметі тоқтатылып, бұл инвестициялық жобаны іске асырудың кешеуілдеуіне әкеп соқты.

Прокуратураның актісі бойынша талап қайтарылып, инвестордың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды адамдар жауапқа тартылды.