Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Халық үні

Ауа температурасы 15-24 градустан 0-12 градусқа дейін төмендейді

фото: tengrinews.kz

«Қазгидромет» РМК-сы 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы антициклонды Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон алмастырады.

Шығысқа қарай ығыса отырып, 28 қарашада батыста, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда, 30 қарашада республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар түрінде жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. 28 және 30 қарашада солтүстік облыстарда жел екпіні 23-28 м/с-ке жетіп, қар жауады. Оның әсерін әсіресе оңтүстік өңір тұрғындары сезінеді, онда ашық әрі жылы ауа райы жауын-шашынға (жаңбыр түрінде, таулы аймақтарда қарға) ұласады. Ауа температурасы 15-24 градустан 0-12 градусқа дейін төмендейді, - делінген хабарламада.