Halyq Uni логотип
×

«Жыл соңында әр қазақстандықтың картасына 150 мың теңге төленеді» - ақпарат рас па?

Ақпарат Тоқаевтың фотосымен тарап жатыр

 Халық үні 27.11.2023 | 19:54
«Жыл соңында әр қазақстандықтың картасына 150 мың теңге төленеді» - ақпарат рас па?
фото: kapital.kz

Facebook желісінде Қазақстан президентінің фотосымен жарнама таратылып жатыр, онда «жыл соңында әр қазақстандықтың картасына 150 мың теңге төленеді» делінген. Stopfake.kz сайты ақпараттың жалған екенін ескертті.

Stopfake.kz мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдарының сайттарында, президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлемдер туралы ресми ақпарат жоқ. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында да хабарланбады.

Аталған ақпаратты жариялаған» Өтемақы орталығы» деп аталатын аккаунтта фейк парақшаның барлық белгісі байқалады. Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады, - делінген сайтта.

Фактчекерлер бұның-киберқылмыскерлердің әрекеті екенін жазды.

«Өтемақы орталығы» арқылы өтемақы төлеу – бұл ескі алаяқтық схема, ҚР мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT сарапшылары ол туралы 2020 жылы қазақстандықтарға ескерткен болатын. Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн», - деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама