×

«Төрт ағайынды» тобының жетекшілерінің бірі Еркін Ізбасар қайтыс болды

Оған Өскемендегі түрмеден Алматыға келгенде төрт рет ота жасалды

 Дастан Жұмабекұлы 27.11.2023 | 17:00
Фото: qazaquni.kz

Бүгін «Төрт ағайынды» тобының жетекшілерінің бірі Еркін Ізбасар қайтыс болды деген хабар тарады.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, 2018 жылы Еркін Ізбасарға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткені үшін айып тағылып, сотталған болатын. Одан кейін ол Ақтөбеде мұнай ұрлады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол түрмеден үш жылдан соң денсаулығына байланысты шықты. Бірақ ақталмады.

Еркін ақталған жоқ. Денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты босатылды. Қазір үйде. Гүптей боп ісініп кеткен. Өскемендегі түрмеден Алматыға алып келдік. Алматыда төрт рет ота жасалды. Мүгедек адамды жала жауып түрмеге тыққасын не болушы еді? Балам өлуге келген. Үйден емдеп жатырмыз. Ісігін қайтарған соң ауруханаға жатқызамыз ба деп ойлап отырмыз, –  деген еді Еркін Ізбасар түрмеден шыққан кезде оның шешесі Мейірхан Ізбасар.

Еркін Ізбасардың қазасы туралы ақпаратты замандастары растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама