Бұл қаржыға мұз қалашығы да салынады
Бүгінде Павлодар облысындағы қалаларды жаңажылдық безендіруге шамамен 100 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жыл сайын жалпы өңірдегі қалаларды (Павлодар, Екібастұз және Ақсу) жаңажылдық безендіруге жалпы шамамен 100 млн теңге бөлінеді, - деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Алайда Асайын Байханов барлық қаражат тек жаңажылдық безендіруге жұмсалмайтынын атап өтті.
Жыл сайын (Павлодар) Екібастұз, Ақсу қаларында жаңажылдық безендіруге осынша (100 млн теңгеге жуық) қаржы қарастырылады. Бұл – қалыптасқан дәстүр және халықтың талабы… Әсіресе, (осы қаржыға – автор) Павлодар, Екібастұз қараларында мұз қалашықтары салынады.
(Жалпы 100 млн теңге – автор) тек жаңажылдық безендіруге емес, наурыз мейрамы және мемлекеттік мерекелердегі іс-шараларға қарастырылған», - деді өңір басшысы.