Астанадан Ақтөбеге 20 тонна жұмыртқа апара жатқан көлік аударылып қалды
21 жастағы ақтөбелік көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалған
Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болған.
Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20 тонна жұмыртқа тасымалдап бара жатқан, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Жалпы, өткен демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы тіркелген.