Дзюдошы Теміржан Дәулет жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесті
2020 жылғы жазғы Паралимпиаданың күміс жүлдегері, дзюдошы Теміржан Дәулет Алматыдағы балалар колониясында болды, деп хабарлады polisia.kz.
Ол Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ның №11 мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқандармен әңгімелесті.
Балалар дзюдошыны тыңдап, өздерінің спорттағы жетістіктері туралы айтты. Кездесу соныңда спортшы дзюдо техникасын көрсетіп, балалардың шығыс жекпе-жегінің ең танымал түріне деген қызығушылығын оятты.