×

Құсбегілердің ШҚО-да ұйымдастырылған халықаралық турнирі аяқталды

3 күнге созылған сайысқа 100-ден астам спортшы қатысты

 Еркеғали Болатұлы 27.11.2023 | 12:15
фото: дереккөз

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен «Шығыс Салбұрыны-2023» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Құсбегілік федерациясының президенті Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

Сонымен, бұл сайыста жеңімпаздар жыртқыш құстың үш түрін салу бойынша анықталып отыр.

Бүркіт құсы бойынша:

  • 1-орын – Сейітжан Алмас, Алматы облысы;
  • 2-орын – Жалғасұлы Серікболсын, Жамбыл облысы;
  • 3-орын – Болат Нұрдос, Жамбыл облысы;
  • 4-орын – Жұмағұл Ерсұлтан, ШҚО;
  • 5-орын – Көдеков Мұрат, Алматы облысы.

Қаршыға құсы бойынша:

  • 1-орын – Ғалым Самғат, ШҚО;
  • 2-орын – Байетбай Ермұхан, ШҚО;
  • 3-орын – Сейітжан Аян, Алматы облысы.

Ителгі құсы бойынша:

  • 1-орын – Сандыбай Ерлан, Түркістан облысы;
  • 2-орын – Төлегенұлы Темірәлі, Қарағанды облысы;
  • 3-орын – Күнтуған Серікбек, Астана қаласы.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын! 3 күнге созылған турнирге 100-ден астам спортшы қатысты. Шығыстың төрінде, Алтай тауының бөктерінде, «Бүркіт төбе» жотасындағы бұл жарыс дәстүрлі түрде өтпек, - деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, биылғы жыл Құсбегілік федерациясы үшін өте жемісті жыл болған. Енді олар айқын мақсат, нық жоспармен бабадан мирас болып қалған бекзат дәстүрімізді дәріптеу үшін бұдан әрі жұмыс істей бермек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама