«Қазақмыс» компаниясының 2 жұмысшысы кен орнында қаза тапты
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр
«Қазақмыс» компаниясының 2 жұмысшысы кен орнында қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Қазақмыс» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жазатайым оқиға болған.
Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр, – делінген компания хабарламасында.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.