2020 жылдан бастап осы кезге дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында туған.
Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.
2004 – 2006 жылдары – Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.
Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2011 – 2018 жылдары – «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, төраға кеңесшісі, басқарма төрағасының орынбасары болды.
2018 – 2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, 2019 – 2020 жылдары премьер-министрдің кеңесшісі болып қызмет етті.
2020 жылдан бастап осы кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.