«Екі жыл отырдым»: дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова жылаған кездерін еске алды

Халық үні

Айтуынша, бала күтімімен үйде отырған кез қиын болған.

Фото: agugai.kz

Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова бала күтімімен декретте отырған кезде жылаған кездерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Айтуынша, бала күтімімен үйде отырған кез қиын болған.

«Екі жыл отырдым. Басында бірінші жылдары отырдым. Содан кейін отырған жоқпын. Айшаны (қызы-еск.) дүниеге әкелгеннен кейін екі жылдан кейін ғана жұмысқа шықтым. Оған да белгілі бір себептер болды. Өзімнің балалығым да болды ма, баламен бірге бала болып жылаған кездерім де болды. Оның бәрі кез келген қазақ қызының басынан өтетін жағдай деп ойлаймын. Ал қалған балаларымды босана салып қырық күннен кейін жұмысқа шығуға дағдыландым», - дейді әнші журналист Анна Данченкова берген сұхбатында.

Әнші екі жыл бойы үйде отыру қиын болғанын айтады.