Оралда басына тас құлаған әйел көз жұмды

Халық үні

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр

Фото: Әлихан Сариев

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы 236-үй жанында болды.

«Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына тас құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомство. 

Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.