Halyq Uni логотип
×

Павлодарда ер адам қызын зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр

Қыздың анасының арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

 Халық үні 26.11.2023 | 19:30
Павлодарда ер адам қызын зорлады деген күдікпен іздестіріліп жатыр
Фото: polisia.kz

Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен ер адам іздестіріліп жатыр. Зардап шегушінің айтуынша, бұл жағдай бірнеше жыл бойы қайталанған. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілген.

Қыздың анасының арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Жәбірленушінің айтуынша, әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Алайда олар бұған дейін полицияға хабарласпаған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама