Алматыда ер адам 14-қабаттан құлап, мерт болды
Қазір тергеу амалдары жүргізіп жатыр
Алматыда ер адам «Премьера» тұрғын үй кешенінің 14-қабаттағы балконынан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
Полиция бұл фактіні суицид ретінде тіркеп, ҚР ҚК-нің 105-бабы, «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеу амалдарын қолға алды.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл фактіге сәйкес Наурызбай ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқанын нақтылайды, - делінген хабарламада.