Halyq Uni логотип
×

Сирия азаматтары елден шығарылды

Олар қазақстандық заңнама талаптарын бұзған

 Динара Амантай 25.11.2023 | 13:01
Сирия азаматтары елден шығарылды
Фото: Halyq Uni

Бөрлі аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 514-бабы 2-бөлігі бойынша Йемен Республикасының және Сирия Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 7 істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 22 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумағында орналасқан ҚР ҰҚК ШҚ рұқсатынсыз шетелдіктердің мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде өтіп бара жатқаны анықталды. Олар мемлекеттік шекара сызығынан 80 метр қашықтықта «Ақсай» шекара бөлімшесінің учаскесінде орналасқан өткізу пунктін айналып өту арқылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткісі келген.

Сот отырысында шетелдіктер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада белгіленген мән-жайларды растай отырып, мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін кінәні мойындады.

Сот қаулысымен шетелдіктер ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама