ЖШС корпоративті табыс салығымен келіспеген
Павлодар облысында ГРЭС-1 басшылығы 625,2 млн теңге салық төлегісі келмей сотқа жүгінген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті тексеру қорытындысы бойынша салық төлеуші – «Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1» ЖШС-не 625,2 млн теңге сомасында корпоративтік табыс салығын қосымша есептеді.
Салық салушылардың дәлелдеріне сәйкес ЖШС қызметке байланысты емес және табыс алуға бағытталған сыйақы бойынша шығыстарды негізсіз шегерімге жатқызған.
Кейіннен ЖШС жоғарыда көрсетілген соммаға корпоративтік табыс салығын қосымша есептеу бөлігінде салық органының хабарламасына Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа шағымданған, ол салық салушылардың әрекеттерін заңсыз деп таныған.
Облыс прокуратурасымен сот шешіміне апелляциялық өтінішхат берілді.
Апелляциялық сатыдағы сот прокурордың өтінішхатының дәлелдерімен келісіп, ЖШС талап арызынан толық көлемде бас тартты (қаулы заңды күшіне енген жоқ).
Осылайша, прокуратурамен 625,2 млн теңге соммаға мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды.