Қар, көктайғақ, бұрқасын: 25 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болжануда
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде күн райы тұрақсыз сипатта болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста қатты жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын болады деп күтілуде.