×

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты жаңа мәліметтер жариялады

Полицейлер контрабанданы ұйымдастырушы деген болжамды нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатыр

 Халық үні 24.11.2023 | 22:48
Фото: Tengrinews.kz

Бас прокуратурасы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, полицейлер контрабанданы ұйымдастырушы деген болжамды нигериялық азаматқа қатысты істі тергеп жатыр, ол қазақстандық әйелге елдер арасында заттарды тасымалдау арқылы ақша табуды ұсынған. Оның Нигерияда қамауға алынғанына бір жарым жылдай уақыт өтті. Бірақ күдікті Қазақстанға экстрадицияланбайды.

«Нигерия азаматы Адинду Нонсо Фортунға қатысты қылмыстық іс «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау» бойынша тергеліп жатыр, сол себепті іс өте ауқымды», - делінген хабарламада.

Дипломатиялық арналар арқылы оны экстрадициялау туралы өтініш Нигерияның құзырлы органдарына жіберілгені атап өтілді.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақжарқынды есірткі қылмысына алдап итермелеген Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. 2022 жылғы 20 маусымда Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов күдікті Нигерия азаматы шетелде ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама