Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.

Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК 25-27 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптикердің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстігінде қар мен бұрқасын байқалған Атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды, ал оңтүстік-батыстан антициклон енеді, онымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының қысқа мерзімге төмендеуі болжанады:. Солтүстік аймақтарда түнгі сағаттарында ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендейді.

Бірақ антициклон елімізде тұрақтамайды, себебі батыстан Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жылжиды, соның әсерінен ауа-райының тұрақсыз болады, жауын-шашын мұзды жаңбыр мен қар түрінде жауады, бұрқасын мен жел күшейеді және көктайғақ құбылыстары байқалады.

Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болжанады.