×

Тоқаев Бакуге барды

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2023 | 13:59
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикаасының астанасы – Баку қаласына барды. Осы жерде ол БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысады.

Сондай-ақ Әзербайжанға Қырғыз Республикасының президеті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон мен Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан барды.

Кеше мемлекет басшысы Беларусьтің Минск қаласында өткен ҰҚШҰ жиынына қатысқан болатын. Бұл жиында Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысып, сөз сөйледі.

Сессияда белгілі болғандай, Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама