Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматыда мектептің бас есепшісі 46 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады қала прокуратурасы.
Мектептің бас есепшісі бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын айлықты өзінің жеке шоттарына аударып келген.
Осы оқиға бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген хабарламада.
Тергеу кезінде есепші өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету») бойынша жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.