Ұлытау облысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі талқыланды
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел өткізді
Бүгін Ұлытау облысы «Қоғамдық келісім» КММ және Жезқазған қаласы ішкі саясат ММ қолдауымен, Ұлытау облысы ҚХА жанынан құрылған облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастырумен «25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күніне» орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Halyq Uni.
Дөңгелек үстелге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, Ұлытау облысы мәслихатының депутаттары, Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі, Ұлытау облысы Әйелдер істері жөніндегі комиссия хатшысы және мүшелері, Ұлытау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Ұлытау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Ұлытау облысы ҚХА жанынан құрылған облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, партия ұйымдарының өкілдері, Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары, Жезқазған қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі, Жезқазған қаласы Әйелдер істері жөніндегі комиссия хатшысы, Жезқазған қаласы Ардагерлер кеңесінің мүшелері және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп қабылдап жатқан зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары туралы халықты кеңінен хабардар ету, қоғамда әйелдер мен балаларға қарсы құқықбұзушылықтарға «төзбеушілік» атмосферасын құру.
Іс-шараны Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Өміртайұлы Жайлаубаев ашып, сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелде Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі Алмас Мұқанұлы Нұр, Ұлытау облысы бойынша балалар құқығын қорғау уәкілі Гүлмира Алпысбайқызы Жаппасова, Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары Ақшалов Марат Мырзабекұлы, Жезқазған қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сейтжанов Сабыржан Өміржанұлы, Жезқазған қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесіндегі «Ақ әжелер» ансамблінің мүшесі Оспанова Түркен Оспанқызы сөз сөйледі.
Пікір алмасу барысында «Өзіңдегі агрессияны қалай ұстауға болады?», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көмек сұрау алгоритмі», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын әлеуметтік қолдау» сияқты мәселелер көтерілді. Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.