Астана тұрғынынан ұялы телефонды күшпен тартып алған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
Полиция істі тергеп жатыр
Елордада полиция тұрғыннан смартфонды күшпен тартып алған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
21 қарашада таңғы уақытта 26 жастағы күдікті күш қолданып, жәбірленушіден ұялы телефонды тартып алған.
Полиция тұрғыннан арызды қабылдап, тонаушыны тез іздеуге кірісті. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 191-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.