Halyq Uni логотип
×

Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды

Оларға әкімшілік хаттама толтырылды

 Халық үні 23.11.2023 | 23:40
Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы ұсталды
фото: Облыстық ПД

Атырау облысында құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. 

22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған, - делінген хабарламада.

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама