Әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы Орталық-Азиялық құрылтайы өтеді
Сарапшылар табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобалардын тәжірибесімен бөліседі
24 қарашада Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы Орталық-Азиялық құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген әлеуметтік кәсіпкерліктің көшбасшылары бас қосады. Құрылтайға 300-ден астам әлеуметтік кәсіпкерлер, сондай-ақ билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, пікір көшбасшылары мен азаматтық белсенділер қатысады деп жоспарланған.
Спикерлер қатарында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бар. Сонымен қатар ӘИҚ басшысы, кәсіпкер және жаттықтырушы Эмин Аскеров, Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы Сергей Цырульников және т. б.
Форум аясында сарапшылар Орталық Азиядағы табысты әлеуметтік кәсіпкерлік жобалардын тәжірибесімен бөліседі, әлеуметтік кәсіпкерлік арқылы әлеуметтік мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдер, әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдаудағы мемлекеттің рөлі, әлеуметтік бастамаларды қаржыландыру тетіктері туралы әңгімелейді.
Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлері, мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығы арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелеріне арналады.
Бұл іс-шараның құндылығы – еліміздегі 600-ден астам әлеуметтік кәсіпкердің болуы және Қазақстанның бұл көрсеткішті көбірек жұмыс орындарын ашу арқылы арттыруға ниеті.
Қауымдастық өз міндеттерін қолайлы экожүйені құру арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті ілгерілету мен танымал етуді; Орталық Азияда қажетті инфрақұрылымды құруды; әлеуметтік кәсіпкерлердің тиімді кәсіби өзара іс-қимылының тетіктерін әзірлеуді және т. б. деп таниды.
Құрылтайдың ерекше бөлігі – елордалық саябақта әлеуметтік кәсіпкерлер стелласының салтанатты ашылуы болмақ. Сонымен қатар, форум қонақтары үшін Астананың көрікті жерлеріне экскурсия қарастырылған.
Құрылтай қазақстандық әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының (ӘИҚ) бастамасымен және Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің, Орталық Азия елдері депутаттарының, Астана әкімдігінің, сондай-ақ Eurasian Resources Group (ERG) қолдауымен өтеді.