Мәселені шешу үшін облыста жаңадан үшінші ЖЭО салынбақ
Облыс басшысының айтуынша, бүгінде облыстағы жылу желілерінің тозу көрсеткіші 68%. Сондықтан президент тапсырмасына сәйкес, үшінші жылу электр орталығы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр. Ол жыл соңына дейін аяқталғаннан соң жұмыс басталады, деп хабарлады Halyq Uni.
Астанада 9 қарашада Ресей мен Қазақстан президенттерінің қатысуымен екі елдің министрі осы жаңа ЖЭО салу мәселесі бойынша меморандумға қол қойған еді.
Екіншіден, осы ЖЭО салынса, көп мәселе шешілетінін айтып отыр. Оның үстіне, Семейде кезінде 57 жылу беретін қазандық болған. Соның бәрі қазір газ жағып отыр. Жаңадан салынатын үшінші ЖЭО осы мәселені де толығымен шешіп, ескі жылу көздері жабылмақ.
Оған қоса, тозу көрсеткіші 68% дегенімізбен, бұл жәй цифр ғана. Шын мәнінде, жағдай ылғи өзгеріп тұрады. Биылға 24 млрд теңгеден астам қаражаттың Үкімет резервінен берілген 16 млрд теңгеден астамына жылу желілерін алмастыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жалпы жылыту маусымына жақсы жағдайда кірдік. Сондықтан осы жылыту маусымында қандай да бір қиындық көріп тұрғаным жоқ. Әлеуметтік нысандар көмірмен толық қамтылған, барлық жылу көздері дайын. Ғаббасов атындағы қазандық орталығында екі қазандық іске қосылған, олар қосымша 40 гигаколория береді. Сайып келгенде, бір жағдай болып қалатындай түйткіл жоқ, дейді облыс әкімі.
Оның сөзінше, облыс қысқы маусымға толығымен дайын отыр. Техника жеткілікті. Республикалық және жергілікті жолдарға қызмет ететін 464 техника бар. Мұндай техникалар Семей қаласының өзінде де тұр.
Сондай-ақ, республикалық жолдардың бойында жылыту орындары да дайын.
Оның үстіне, қай жерлерде ылғи көлік сырғитынын тәжірибемізден білеміз. Сондықтан жылыту, тамақтандыру орындарымен келісімшарт дайындап жатырмыз. Қажетті реагенттер, инертті материалдар бар, дейді Нұрлан Ұранхаев.