×

Павлодарда қазақтарды кіргізбейтін гастро-бар жабылды

Мекеменің иесі қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстық дейді

 Дастан Жұмабекұлы 20.05.2022 | 11:37
фото: https://www.instagram.com/ilya4ujoy/

Павлодарда қазақтарды кіргізбейтін гастро-бар жабылды. Бұл туралы өзін Илья деп таныстырған мекеменің иесі хабарлады. Ол гастро-бардың жабылатыны туралы арнайы мәлімдеме жасады. Бірақ ешкімнен кешірім сұраған жоқ.

Мен Павлодарда туып-өстім. Осы жерде ата-анам да туған. Мен 30 жасыма дейін ешкімнен ұлтқа бөліну бойынша қысым көрген жоқпын. Біз мекемені үш жыл бұрын ашған едік. Уақыт өте келе гастро-барға көп адамдар келе бастады. Содан кейін оған халық сыймай кетті. Осыны ескеріп, қауіпсіздік қызметінің жұмысына адамдар шақырдық. Олар фейс-бақылау жасап отырды. Біз қонақтарға барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Біздің жұмысымызда ешқашан ұлтқа бөлінушілік деген болмаған. Біз адамдарды алалауға қарсымыз. Біз ешкіммен ұрыспай-керіспей, түсіністікте жұмыс істегіміз келеді, - деп ақталды ол.    

Павлодар облысының прокуратурасы гастро-бардың иесін шақырып, бәрін түсіндіргеннен кейін мекеменің жабылғанын хабарлады.

Кеше Павлодардағы «Garage» деген көңіл көтеру орнында жанжал шыққан болатын. Онда әлеуметтік желіні қолданушылар қазақтарды түрлі сылтаумен гастро-барға кіргізбей жатқанын сынап жазған еді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оралдық оқушы кішігірім құраммен мульттоптама түсіріп шықты

Алғашқы серияны түсіруге 6 ай уақыт кеткен
26.03.2023 | 13:55

Астанада өрт салдарынен көпқабатты 23 үй жарықсыз қалды

Жарық өртенген қондырғылар толық тексеруден өтіп болғаннан кейін бір-ақ беріледі
26.03.2023 | 12:00

Путин ядролық қаруды Беларусь аумағында сақтайтынын жасырмады

Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған
26.03.2023 | 11:23

Рыбакина Майами мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты

Ол қатарынан 10-жеңісіне қол жеткізді
26.03.2023 | 10:43